“Бір ел-бір кітап” акциясына қатысуға шақырамыз.
“Бір ел-бір кітап” акциясына қатысуға шақырамыз.
Бүгін, 28 қаңтар, елімізде дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының кезекті жылғы таңдауы жасалды. Биыл 2026 жылы ел болып оқуға Қабдеш Жұмаділовтің “ Тағдыр” шығармасы таңдалды. Аталған акцияның басты мақсаты – қазақстандық оқырмандар арасында кітап оқуды кеңінен насихаттау, ұлттық әдеби мұраға деген қызығушылықты арттыру, сондай-ақ қоғамды бір кітап төңірегіне топтастыру. 2026 жылы бүкіл ел бойынша оқуға ұсынылатын кітап анықталып, алдағы уақытта акция аясында кітапханаларда түрлі әдеби-танымдық іс-шаралар, оқырмандар кездесулері, талқылаулар мен көрмелер ұйымдастырылатын болады. Оқырмандарымызды «Бір ел – бір кітап» акциясына белсене қатысуға, таңдалған кітапты бірге оқып, рухани байлығымызды арттыруға шақырамыз!



Пікір үстеу