«BookWave» оқу клубы сіздерді «Жазғы оқу марафонына» шақырады!
«BookWave» оқу клубы сіздерді «Жазғы оқу марафонына» шақырады!
Сіздерді жаздың шуақты алғашқы айында ұлттық сөз өнерінің ғажайып әлеміне саяхат жасап, жырдың терең мәні мен көркемдік құдіретін сезінуге шақырамыз. Жан дүниеге жаңа леп, ерекше әсер сыйлайтын «Жазғы оқу марафонына» онлайн форматта қатысып, рухани қазынаңызды байытуға мүмкіндік алыңыздар!
Құрметті «BookWave» оқу клубының мүшелері мен тұрақты оқырмандары!
«Жазғы оқу марафоны» шеңберінде Ақжайық өңірі қаламгерлерінің терең иірімді өлеңдерін онлайн форматта оқып өздерінің инстаграм, фейсбук әлеуметтік желілеріне хештег арқылы жариялау қажет. (Облыстық кітапхананы және авторды бегілеу) креативті жұмыстарыңызды күтеміз!
Хештег : #BookWave #ЖазғыОқуМарафоны #Поэзия #АқжайықАқындары #БауыржанХалиолла #ТалғатМықи #БауыржанШирмединұлы #ОнлайнМарафон
Марафон аясындағы жыр керуені: жергілікті танымал ақындар.
Бауыржан Халиолла – Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР «Ерен еңбегі үшін», «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілерінің иегері, айтыс алаңында, жазба поэзияда да өзіндік қолтаңбасы бар қаламгер.
Талғат Мықи – Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР «Мәдениет саласының үздігі»,Республикалық айтыстардың жүлдегері. Суырыпсалмалық өнерімен дүйім жұртты тәнті еткен, жырлары рух беретін айтыскер ақын.
Бауыржан Ширмединұлы – Республикалық айтыстардың жүлдегері, Халықаралық айтыс ақындары және жыршы, термешілердің Одағының мүшесі, қаламы ұшқыр ақын, қоғамның тамырын дөп басып жүрген танымал журналист.
Сөз өнерін қадірлейтін әрбір жанды онлайн марафонға белсенді қатысуға шақырамыз! Сұлу сөздің сиқырымен жазымызды мәнді өткізейік!



Пікір үстеу