«Халық әндері мен күйлері»
«Халық әндері мен күйлері»
access_time23.01.2023
perm_identity
Posted by admin
folder_open
Жаңалықтар

Ж. Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімі №1 өнер мектебімен бірігіп «Халық әндері мен күйлері» ақпараттық сағатын өткізді.
Ақпараттық сағаттың мақсаты: Халық әндері мен күйлерін болашақ ұрпаққа насихаттау арқылы, ойнауға үйрету. Қазақ халқының мақтаныш етер асыл мұра, рухани жәдігерліктерінің ішінде ғасырлар сүзгісінен өтіп, бүгінге жеткен көл-көсір ән – күй қазынасы ерекше орын алады. Қазақ әні мен күйі – қазақ жанының ғасырлар көшінде шаң баспаған сырлы айна¬сы, халық рухының ықылымнан тіл қатқан тірі куәгері. Күнделікті тұрмыс-тіршілік, салт-дәстүрге орайласа туған ғұрыптық ән, қара өлеңдерден тартып, адам баласының аңсар-мұратын, қайғы-мұң, сағыныш-шерін, өзек өртер өкініші мен жарқын үміт, қуаныш-шаттығын – сан-алуан сезім-күй, жан әлемін өрнектеп, формалық, мазмұндық тұрғыдан кемеліне келе түрленіп, биік кәсіби өреге жеткен дәс-түрлі ән мен күй өнері ұлттық музыка мәдениетіміздің алтын өзегі, ықылым заманнан бүгінге арқауын үзбей жетіп, қазіргі рухани болмысымызға нәр беріп тұрған сарқылмас қайнар іспетті. Ақпарат сағаты соңында №1 өнер мектебінің директоры сөз сөйлеп, «Ән – күй – халық қазынасы» көрмесіне шолу жасалып, таныстырылды.
Пікір үстеу