«KitapTime – 2022»
«KitapTime – 2022»
access_time29.09.2022
perm_identity
Posted by admin
folder_open
Жаңалықтар

«KitapTime – 2022» жалпы республикалық кітап фестивалі аясында Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Ғалымдар кітапханада» жобасының кезекті қонағы М.Өтемісов атындағы БҚУ-нің «Рухани жаңғыру» институтының директоры, тілтану, әдістану, шешендіктану, Махамбеттану салаларын зерттеп жүрген белгілі ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Педагогикалық ғылымдары академиясының академигі Абат Сатыбайұлы Қыдыршаевпен кездесу өткізілді.
Шара модераторы филология ғылымдарының докторы, профессор Сабыр Мұрат Бөкенбайұлы болды. Кеш қонақтары тарихшы, өлкетанушы Жайсаң Ақбай, «Зерде-Память» қоғамдық қорының төрағасы Қуаныш Төлебаев, техника ғылымдарының докторы, профессор, академик Ермек Айталиев, техника ғылымдарының докторы, профессор, академик Сәрсенбек Монтаев, БҚУ-нің әлеуметтік мәселер мен тәрбие ісі жөніндегі проректоры, педагогикалық ғылымдар кандидаты, доцент Түймеш Дәрішева, БҚУ-нің «Филология» факультетінің деканы Айдарбек Ақболатов, №50 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айдана Татаханова, сондай-ақ қоғам белсенділері, оқытушылар, ЖОО студенттері, оқырмандар, кітапханашылар.
Кездесу кеші аясында алдымен жиналған қауымға Абат Сатыбайұлының қызметі, еңбек жолы туралы «Ғалым ұстаз дара жолды таңдаған» атты бейнеролик көрсетіліп, шәкірттері гүл шоқтарын сыйлады. Құрманғазы атындағы саз колледжінің студенттері Асанбек Бекнұр мен Шарипова Гүлназ «Алғашқы ұстазым» әнін орындаса, БҚУ-нің «Режиссура» мамандығының бір топ студенттері ақын Ғайса-Ғали Сейтақ пен айтыскер ақын Жансая Мусинаның арнау өлеңдерін оқыды. Кешке жиналған студенттер Абат Сатыбайұлына еңбек жолы, студенттік шағы, алғашқы қызметі, отбасы туралы сауалдар қойып, өзі шығарған өлең шумақтарын оқып беруді сұрады. Сондай-ақ Абат Қыдыршаевтың ғылыми шығармашылығына арналған «Даналық пен даралықтың үлгісі» атты кітап көрмесін кітапханашы Гүлнұр Көшкінбаева таныстырды. Абат Сатыбайұлының ұстаздығы, шешендіктану саласындағы кітаптары мен Ахметтану саласындағы ғылыми еңбектері туралы баяндалып, түрлі сауалдар қойылып, тұшымды жауаптар алынды.

Пікір үстеу