“Тіл-достық бір” тақырыбындағы ақпараттық сағат.

access_time29.09.2022
perm_identity
Posted by admin
folder_open
Жаңалықтар

Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапхана № 6 ЖОББМ-мен бірлесіп «Тіл – достық көпірі» тақырыбында ақпараттық сағат өткізді. Мектептің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Е. И. Бажанская балаларға біздің Отанымыз – Қазақстан – бейбітшілік пен келісімде өмір сүретін көптеген ұлттар мен халықтардың туған үйіне айналғанын, Қазақстан халқы тілдері күні барлық этностардың достығы, бірлігі, мәдениеті мен тілдеріне деген құрметтің көрінісі екенін түсіндірді.
Бұл мереке Тәуелсіз Қазақстанда 1998 жылдан бастап атап өтілетін мереке күні екендігі және 2017 жылдан лингвист-ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын және аудармашы Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне орайластырылып алынғаны туралы ақпарат беріліп, ғалымның өмірбаянына, еңбектеріне тоқталды.
Көрмеде оқушыларға көрнекті қазақ ағартушысы, «Алаш Орда» партиясы көшбасшысының бірі Ұлт ұстазы туралы кітаптар ұсынылды. 1926 және 1928 жылдардағы араб тіліндегі алфавит және оның басқа да еңбектері қойылды. «Отбасылық оқу» жобасына қатысқан әр түрлі ұлт өкілдері тіл туралы өлеңдерді қазақ тілінде мәнерлеп оқыды.

Пікір үстеу