«Облыстық кітапхананың өлкетану қызметі: зор мүмкіндіктер аумағы»
«Облыстық кітапхананың өлкетану қызметі: зор мүмкіндіктер аумағы»
access_time28.09.2022
perm_identity
Posted by admin
folder_open
Жаңалықтар

Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың Өлкетану әдебиеттері бөлімі «Кiтарtime-2022» фестивалі аясында Құрманғазы атындағы саз колледжінің 1 курс студенттеріне арнап «Облыстық кітапхананың өлкетану қызметі: зор мүмкіндіктер аумағы» атты ақпарат күнін өткізді.
Студенттер бөлім жұмысымен, кітапханалық-библиографиялық қызмет көрсетудегі жаңа ақпараттық технологиялардың кеңінен қолданылуы жайында ақпарат алды. Сондай-ақ «Батыс Қазақстан облысының киелі жерлер тарихы», «Облыстық – Бас кітапханаға авторлық колтаңбамен…», «Әдеби қонақүй» тақырыбындағы жаңа инновациялық жобалармен танысты. «Ақжайық өңіріне келген қазақ әдебиеті өкілдері мен орыс классиктері» атты библиографиялық шолу жасалды.
Пікір үстеу