“Мамандықтар әлемі сыр шертеді”
“Мамандықтар әлемі сыр шертеді”

Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Мамандықтар әлемі сыр шертеді» атты жоба аясында өз саласында қызмет атқарып жүрген танымал, кәсіби шебер мамандары: Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Исанов Ерболат Рысқалиұлы, Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы діни бірлестіктерімен жұмыс бөлімінің басшысы Қаратай Азат Айболатұлы, Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрінің директоры, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты, театртанушы, өнертану ғылымының магистрі Абулгазиева Салтанат Мақсотқызы, Орал қалалық жастар ресурстық орталығы, «Орал жастар» волонтерлық корпусының басшысы Жүсіпқалиев Дулат Нұрбергенұлы қатысты. Шараға арнайы шақырылған түрлі мамандық иелері мамандық таңдау, қоғамға адал еңбек ету туралы тағылымды әңгімелерін ортаға салып, өз кәсіптері мен мамандықтарының қыр-сырлары туралы ойларымен бөлісті. Шараға қатысушылар «Білім мен тәрбие – жас ұрпақтың қос қанаты» атты кітап көрмесімен танысты.
В рамках проекта «Мамандықтар әлемі сыр шертеді», организованного Западно-Казахстанской областной универсальной научной библиотекой им. Жубана Молдагалиева, работают известные и профессиональные специалисты: руководитель отдела Управления внутренней политики Западно-Казахстанской области Исанов Ерболат Рыскалиевич, руководитель отдела по работе с религиозными объединениями управления по делам религий Западно-Казахстанской области Каратай Азат Айболатович, директор Камерного оркестра, лауреат молодежной премии “Серпер”, театровед, магистр искусствоведения Абулгазиева Салтанат Максотовна, участие принял руководитель Уральского городского молодежного ресурсного центра, волонтерского корпуса «Уральская молодежь» Жусупкалиев Дулат Нурбергенович. Приглашенные на мероприятие люди разных профессий рассказали о выборе профессии, добросовестном труде обществу, поделились своими мыслями о профессиях и тонкостях профессии. Участники мероприятия ознакомились с книжной выставкой “Білім мен тәрбие-қос қанаты жас ұрпағы”.
Пікір үстеу