Облыстық кітапханадаЖұбана Молдағалиева Жәмилә Бақтиярқызының “Байшешек” мотивациялық кітабының тұсаукесер рәсімі өтті,
Облыстық кітапханадаЖұбана Молдағалиева Жәмилә Бақтиярқызының “Байшешек” мотивациялық кітабының тұсаукесер рәсімі өтті,

Бүгін 25 маусым күні Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық кітапханада балауса шағынан бастап Алла берген үлкен сынаққа төзіп, ақырында жеңіп шыққан жас ақын, жазушы, журналист Жәмиля Бақтиярқызының мотивациялық “БӘЙШЕШЕК” кітабының таныстырылымы өтті. Кітап – жас автордың тырнақалды туындысы.
Рухани шараны ТДК 42 телеарнасының жүргізушісі Жандос Хамза жүргізді.
Шарада алғашқы болып сөз алған БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов ақжарма тілегін арнап, жас қаламгерге БҚО әкімінің Алғыс хатын табыстады.
Оқырманға жол тартқан «Бәйшешек» кітабының таныстырылмында әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Өнербаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, PHD доктор, профессор Асхат Маемиров, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Сатқан Төлегенов, балалар жазушысы, Орал өңірі газетінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдуллин сынды зиялы жандар сөз алып, кітап авторына деген тілектерін жеткізді.
Кітап жанры – өмірбаяндық эссе. Өзімнің он жасымнан бергі ауыр дертпен күресім және жеңісім жайлы мотивациялық кітап. Кітапта мені үй жағдайында оқытқан ұстаздар жайлы, дәрігер туралы, ата-анамен қарым-қатынас және жалпы он жылдық күресімнің нәтижесінде түйген ойларым топтастырылған. Сонымен қатар, Жәмиля кітапта жеңіске жету жолдары, имандылық тақырыптары да қозғалатынын айтып өтті.
Шара соңында сөз алған Жәмиляның әкесі Бақтияр Өнербаев Жайық жұртына алғысын білдіріп, аяулы қызына әкелік асқақ тілегін арнады.
Рухани шараға жергілікті зиялы қауым өкілдері, кітапханашылар, студент жастар, оқушылар қатысты.
Пікір үстеу