Марафон
Марафон
Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана ұйымдастырған «Кітаппен бірге – Тәуелсіз елде» оқу марафоны бойынша 8 желтоқсан күні Орал қалалық кітапханалар жүйесі 2021 жылы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани – мәдени акциясы аясында 30 кітаптың қатарындағы Толымбек Әбдірайымовтың «Алабұға аулаған күн» және Агата Кристидің «Ғайып болған миллион» кітабын насихаттау бағытында «Жыл кітаптарын бірге оқиық!» тақырыбында әдеби марафон өткізді. Кітапханада ұйымдастыру және дайындық жұмыстары жүргізіліп, оқырмандарға «Алабұға аулаған күн» және «Ғайып болған миллион» әңгімелер жинағы кезекпен оқуға ұсынылды. Шара барысында марафонның барлық қатысушылары кітаптан алған өз әсерлерімен бөлісті. Шара соңында Бәйтерек ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне оқу марафоны табысталды.
Пікір үстеу