«Оқу аралына – шытырман оқиғалармен» жылжымалы кітап көрмесі,
«Оқу аралына – шытырман оқиғалармен» жылжымалы кітап көрмесі,
access_time11.11.2022
perm_identity
Posted by admin
folder_open
Жаңалықтар, Новости

10 қараша күні БҚО Төтенше жағдайлар департаменті қабырғасында жылжымалы кітапхана жұмысын әрі қарай жандандыру мақсатында «Сырлы әлем» жобасы аясында әдебиеттік-танымдық шара оздырылды. Осы шарада «Оқу аралына – шытырман оқиғалармен» атты көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиет әлемінде өзіндік орны бар, өрнегі бар жанрдың бірі – детектив жанры кеш тақырыбына арқау болды. Шараның алғысөзін мекеме маманы Абай Менешев ашып, екі жылға жуық уақытта біздің кітапханамыздың көрсетіп отырған қызметіне ризашылығын айта отырып, бірлесе атқарып келе жатырған түрлі мәдени-шараларды одан да әрі қарай жандандырсақ деген тілек айтты. Кешке ұжым мүшелері бір кісідей қатысып, кітап оқуға, көркем әдебиетке деген ынта-ықыластарын білдірді.
Пікір үстеу