Кітап қорын толықтыру, өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімі 1948 жылы құрылды. Меңгерушісі Закир Сұлтанұлы Сұлтанов болды.
Бөлім өзінің ғұмыр тарихында екі рет бөлініп, қайтадан қосылды. Бұл бөлімде каталог пен картотеканы тұңғыш ұйымдастырушылар, кітапхана ісінің жоғары білімді майталмандары Н.С. Еремина, В.Г. Богданова, Ф.М. Ширванова, Г.М. Герасимова, Л.С. Шмелева т.б. жұмыс істеді.
Кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінің негізгі міндеті
– Кітап қорын мемлекеттік және облыстық деңгейінде толықтыру;
– жергілікті баспа ұйымдарымен, жекелеген ұйымдармен, отандық және шетелдік мәдениет пен ғылым өкілдерімен, авторлармен, коллекционерлермен, кітап сүйер қауыммен белсенді әрекеттесе отырып, Батыс Қазақстан облысының кітапханаларында кітап қорының өсуіне ықпал ету;
– білімнің барлық саласы бойынша ғылыми тұжырымдалған және жедел толықтыру арқылы өлкенің әлеуметтік- экономикалық, табиғи-географиялық, өндірістік, ғылыми және мәдени бағдарына ұқсастырып, құжаттарды оңтайлы қалыптастыру;
– кітап қоры мен оның есебін жүргізу процесін ғылыми – әдістемелік және практикалық тұрғыдан қамтамасыз ету;
– кітапхананың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу;
– бөлімнің қайырымдылық қорлар және ұйымдармен бірлесе қызмет жүргізу;
– бөлімнің дамуы мен қызметіндегі негізгі бағытарын жетілдіру үшін жаңа ақпараттық жүйені және бағдарламалар жиынтығын енгізуге қатысу;
– кітапхана ісі мен тәжірибесінің талаптарына сәйкес тұрақты және электронды форматта каталог жүйесін ұйымдастыру, жүргізу және жетілдіру;
– пайдаланушылар мен кітапхана мамандары арасында каталог жүйесін жарнамалау;
– ООӘҒК-сының құрылымдық бөлімшелеріне жаңа кірістерді уақтылы және жедел аудару;
– каталогтарды жаңадан түскендер туралы ақпаратпен толықтыру және ескірген құжаттар туралы мәліметтерді алып тастау;
Бөлім сонымен қатар оқырмандарға қосымша қызметтер көрсетеді:
– мекемелер үшін ӘОЖ (УДК) және КБЖ (ББК) кестелері бойынша құжаттың мазмұнына сәйкес классификациялық (жіктелу) индексін анықтайды;
– мекемелер үшін құжаттардың библиографиялық сипаттамасын құрастырады.
Бөлім жетекшісі: Куатова Айгуль Утешевна
Телефон: 8(7112) 506446

