Қазақстан Республикасының Кәсіподақ күніне арналған дөңгелек үстел.
Қазақстан Республикасының Кәсіподақ күніне арналған дөңгелек үстел.
access_time06.10.2022
perm_identity
Posted by admin
folder_open
Жаңалықтар

5 қазан күні «Атамекен» өнер ордасындағы конференция залында Қазақстан Республикасының Кәсіподақ күніне орай бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен дөңгелек үстел оздырылды. Кездесу барысында «Салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі БҚО филиалының төрағасы А.Т. Батырханов кәсіподақ ұйымдарының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, марапаттау рәсімдеріне кезек берілді. Басқосуда «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.К. Иманқұлова еңбек қоғамын құру идеясы аясында қоғамның дамуына қосқан елеулі үлесі, әлеуметтік әріптестікті дамытудағы еңбектері үшін бірнеше қызметкерлерге Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарды табыстады. Салалық кәсіподақ атынан Ж. Молдағалиев атындағы ОҒӘК-дағы кітапханашы әріптестеріміз Д.С. Шакелова «Құрмет грамотасы», Д.Қ. Сарсенғалиева мен Л.С. Кажимова Алғыс хаттарымен марапатталды.
просмотров: 76
Пікір үстеу