“Жұбан оқулары-2022” акциясының үшінші күні
“Жұбан оқулары-2022” акциясының үшінші күні

Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған «Жұбан оқулары – 2022» акциясының үшінші күні кітапханамыздың Жұбан залында жалғасты.
Шараға ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Т. Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері, қарымды журналист Ғайсағали Сейтақ, қоғам белсендісі, тіл жанашыры Нұрлан Сәдір, ақын Жұбан Молдағалиевтің шығармашылығын зерттеп, филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Жұбан Молдағалиев поэмаларының көркемдік ерекшелігі» тақырыбындағы диссертация қорғаған жұбантанушы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Бейсенова Гүлшара және мұғалімдер, кітапхана қызметкерлері, студенттер мен оқушылар қатысты.
«Жұбан оқулары – 2022» акциясында Ғ. Құрманғалиев атындағы БҚО филармониясының әншісі Ахметова Ақмарал, Жастар мәдениет үйінің әншісі Бақтығалиев Аслан өнер көрсетті. Құрманғазы атындағы саз колледжінің І курс студенттері Сисенғалиева Гаухар ән шырқап, кеш жүргізушісі Мерланов Нұртілек Жұбан Молдағалиевқа арналған арнауын оқыды.
Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Уразаева Шолпан Қуанышқалиқызы «Жұбан оқулары – 2022» акциясын қорытындылап, қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттады.
«Жыры інжу, рухы биік – Жұбан ақын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Облыстық дәстүрлі «Жұбан оқулары – 2022» акциясы аясында облыстық, аудандық, ауылдық кітапханаларда бір мезетте өткізіліп #жұбаноқулары_акция (хэштегімен) белгіленіп, әлеуметтік желілерге салынды.
Пікір үстеу