«Қазақстанның көрнекті кітапханашылары»
«Қазақстанның көрнекті кітапханашылары»
access_time22.10.2022
perm_identity
Posted by admin
folder_open
Новости

Биыл еліміздегі кәсіби мерекелердің қатарында алғаш рет ресми түрде «Кітапханашылар күні» мерекесі тойлануда. Кітапханашылар күні 24 қазанға бекітілгені, біздің облысымыз үшін үлкен мақтаныш, өйткені Қазақстан Республикасындағы ең көне кітапханалдардың бірі болып саналатын, 150 – жылдан астам тарихы бар руханият ордасы Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының құрылған күніне орайластырылып, бекітіліп отыр. Осы мерекеге орай 22 қазан күні Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Қазақстанның көрнекті кітапханашылары» анықтамалығының тұсаукесу рәсімі өтті. Басылымға Батыс Қазақстан облысынан 1991-2021 жылдар аралығында ҚР кітапхана ісінің қалыптасуы мен дамуы жылдарында елеулі үлес қосқан 19 кәсіби мамандар енген.
Салтанатты шарада БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгісінің иегері Гүлжан Жұмақаева, «ҚР Мәдениет саласының үздігі», «Кітапхана ісінің ардагері», «Кітапхана ісінің шебері» төсбелгілерінің иегері Роза Исатаева және «ҚР Мәдениет қайраткері», «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы», «Кітапхана ісінің шебері» төсбелгілерінің иегері Звайда Өтешова аталмыш кітаптың тұсауын кесіп, құттықтау сөз сөйледі.
Шарада «Қазақстанның көрнекті кітапханашылары» анықтамалығына енген кітапханашы мамандарға гүл шоқтары мен жаңа кітап табыс етілді.

Пікір үстеу