«Парасаттың көкжиегін кеңейткен…»
«Парасаттың көкжиегін кеңейткен…»

22 қазан күні Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония залында «Парасаттың көкжиегін кеңейткен…» атты кітапханашылар күніне арналған мерекелік шара өткізілді.
Шарада БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов құттықтау сөз сөйлеп, кітапханашыларды төмендегідей марапаттармен марапаттады:
«Қазақстанның Құрметті Кітапханашысы» төсбелгісімен;
«Батыс Қазақстан облысының үздік мәдениет қызметкері» төсбелгісімен;
Батыс Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хатымен;
Батыс Қазақстан облысы әкімі орынбасарының Алғыс хатымен;
Орал қаласы әкімінің Алғыс хатымен.
Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сайран Дүйсенов
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының «Алғыс хатымен»;
ҚР Ұлттық кітапханасының «Алғыс хатымен»;
ҚР Ұлттық кітапханасының «М.Әуезовті оқимыз» акция-байқауының І орын дипломымен, сертификатымен марапаттады.
Салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы БҚО филиалының төрағасы Айдар Батырханов «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Құрмет» грамотасымен, Алғыс хатымен марапаттады.
Шара барысында өлкеміздің ақын-жазушылары, қаламыздың жоғары және арнаулы оқу орындарының басшылары, және кітапханалармен шығармашылық қарым – қатынаста тығыз байланыс жасап келе жатырған түрлі мекемелер өкілдері кітапханашыларды құттықтады.
Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әншісі, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Жаңылсын Хасанова, Жастар мәдениет сарайының әншісі, республикалық байқаулардың жүлдегері Рустам Хапизов, «Қарақат» өнер мектебінің өнерпаздары және М.Өтемісов атындағы БҚУ-нің студенттері өнер көрсетті.
Пікір үстеу