«Еңбек шындалған ғұмыр»
«Еңбек шындалған ғұмыр»
access_time20.10.2022
perm_identity
Posted by admin
folder_open
Жаңалықтар

Бүгін, 20 қазан күні Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен бірлесіп, «Мамандықтар әлемі сыр шертеді» жобасы аясында «Еңбекпен шыңдалған ғұмыр» атты тағылымдық кеш өткізді. Шараға Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мамандарымен осы салада ұзақ жылдар еңбек етіп, еңбек демалысына шыққан ардагерлер, оқу орындарының ұстаздарымен студенттер, БАҚ өкілдері қатысты. Шараны департамент басшысы С.Д. Төлегенов сөз сөйлеп ашты. Шара барысында еңбек ардагерлері өз мамандықтары туралы сыр шертіп, студенттерге тағылымдық ойларымен бөлісті. «Еңбек ардагерлері ел мақтанышы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
просмотров: 155
Пікір үстеу