Ұлыстың ұлы күніне орай «Наурыз – береке бастауы» атты мерекелік шара өтті.
Ұлыстың ұлы күніне орай «Наурыз – береке бастауы» атты мерекелік шара өтті.
22 наурыз – Ұлыстың ұлы күніне орай «Наурыз – береке бастауы» атты мерекелік шара өтті.
Мерекелік кеш «Сәулемай» әжелер ансамблінің орындауындағы «Құтты болсын, әз Наурыз!» әнімен ашылып, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері кеңінен насихатталды.
Шара барысында «Шабыт» би ансамблі «Бала шашу» биін билеп, көрерменге ерекше көңіл күй сыйласа, «Балдәурен» мектепалды тобының бүлдіршіндері наурызға арналған өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Ал «Арай» комьюнити орталығының жетекшісі мен тәрбиеленушілері әсем әндер тарту етті. Шарада көктем образындағы бейненің шығуы кештің сәнін арттыра түсті. «Көріктім» би ансамблі мың бұралған биімен көрерменнің ыстық ықыласына ие болды.
Сонымен бірге “KHANBRAND” ұлттық нақыштағы киім дүкенінің сән үлгілері көрсетілді. Шара соңында сөз алған кітапхана директоры Шолпан Қуанышқалиқызы шараға қатысушыларға алғысын білдіріп, белсенді қатысушыларды марапаттады.
Кеш «Атамекен» комьюнити орталығының «Ән қанатында» ән үйірмесінің жетекшісі Самигуллин Райымбектің орындауындағы әуезді әнмен қорытындыланды.




















Пікір үстеу