V Ұлттық құрылтай: кітапхана қорын жаңғырту – басты міндет
V Ұлттық құрылтай: кітапхана қорын жаңғырту – басты міндет
access_time20.01.2026
perm_identity
Posted by admin
folder_open
Жаңалықтар
Қызылорда қаласында өтіп жатқан V Ұлттық құрылтайда мәдениет пен руханият саласына, соның ішінде кітапхана қорын толықтыру және жаңарту мәселесіне ерекше назар аударылды. Ұлттық әдебиетті, заманауи отандық авторлар еңбектерін және құнды ғылыми басылымдарды кітапхана қорына жүйелі түрде енгізу – қоғамның зияткерлік әлеуетін арттырудың маңызды тетігі екені айтылды.
Бұл бастама кітапханалардың мазмұнын байытып, оқырман сұранысына сай сапалы кітаптармен қамтуға, сондай-ақ жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға жол ашады.




Пікір үстеу