“Жаңа әдебиет” көрмесі
“Жаңа әдебиет” көрмесі
access_time24.11.2022
perm_identity
Posted by admin
folder_open
Жаңалықтар

24 қараша күні Ж. Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана Республикалық жоғары техникалық колледжінің білім алушыларына Ақпарат күні аясында «Жаңа әдебиеттер» көрмесін ұйымдастырды. Кітап көрмесінің мақсаты – кітапхана қорына келіп түскен жаңа әдебиеттермен таныстыру, студенттерге кітап оқуды насихаттау, әртүрлі іс-шараларға белсене қатысуға шақыру болып табылады. Кітап көрмесіне 100 оқулық қойылды. Олар биология, техника, медицина, тарих, экономика, әдебиет, көркем шығарма, психология саласынан кітаптар көрмеленді. Ақпараттық-библиографиялық бөлімнің библиографы Н.К. Есенгалиева кітап көрмесіне шолу өткізді. Аталмыш кітап көрмесін оқытушылар мен студенттер тамашалап, өздеріне мол мағлұматтар алды.
Пікір үстеу