«Генрих Гейне- әйгілі неміс ақыны»
«Генрих Гейне- әйгілі неміс ақыны»
access_time15.11.2022
perm_identity
Posted by admin
folder_open
Жаңалықтар

Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен 15 қараша күні «Библиотур» кітапханалық жобасы аясында неміс ақыны Генрих Гейненің туғанына 225 жыл толуына орай «Генрих Гейне- әйгілі неміс ақыны» атты нон стоп шара өтті. Шараға «Возрождение» Қазақстандық немістер қауымдастығы қоғамдық қорының аймақтық өкілі Людмила Шехтель, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университетінің шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы Шунайбекова Гүлжан Мендигалиевна мен шет тілдер факультетінің 4 курс студенттері, Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің шет тілдер мамандығының студенттері қатысты. Ұстаз Гүлжан Мендигалиевна әйгілі ақын Генрих Гейне шығармашылығы туралы алдымен неміс тілінде мағлұмат беріп, кейін орыс тілінде толықтырып таныстырды. БҚУ студенттері Гусманова Карина мен Махамбетова Ақерке ақын шығармашылығына арналған неміс-орыс тілінде дайындалған презентациямен таныстырса, Абуова Салтанат «Und wüßtens die Blumen», Асылбеков Мирас «Loreley», Кдиршаев Максат «Frau Sorge» туындыларын неміс тілінде нақышына келтіріп оқыды. Сондай-ақ оқырман назарына Гейне шығармашылығына арналған «Песнь свободы Генриха Гейне» атты кітап көрмесі ұсынылды.
просмотров: 137
Пікір үстеу