Ақын Қайрат Жұмағалиевтің шығармаларын бір мезгілде оқу марафоны.

access_time16.09.2022
perm_identity
Posted by admin
folder_open
Uncategorized

16 қыркүйек күні Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада белгілі ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қайрат Жұмағалиевтің туғанына 85 жыл толуына арналған бір мезгілде ақын шығармаларын оқу марафоны өтті.
Іс-шараға ақын Қайрат Жұмағалиевтің қызы Жанар Қайратқызы, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Сабыр Мұрат Бөкенбайұлы, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымының кандидаты Мамыров Азамат Ыбырайұлы қатысып, ақын шығармаларына кеңінен тоқталып, ол туралы естеліктермен бөлісті. Ақын өлеңдерін кітапхана мамандары, студенттер мен мектеп оқушылары мәнерлеп оқып, әні шырқалып, өнегелі өмірі мен еңбектеріне арнап жасақталған «Халқы ардақ тұтқан ақын» тақырыбындағы кітап көрмесі таныстырылды.
Ақынның туған күнінде барлық облыс кітапханаларында ақын шығармаларын бір мезгілде оқу марафоны оздырылды.

просмотров: 52
Пікір үстеу