«Мұхтар Әуезовтің әдеби тағылымы»
«Мұхтар Әуезовтің әдеби тағылымы»
access_time22.09.2022
perm_identity
Posted by admin
folder_open
Жаңалықтар

Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ұйымдастыруымен қазақтың ұлы кемеңгер жазушысы Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына арналған «Мұхтар Әуезовтің әдеби тағылымы» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелді ашқан М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің филология факультетінің деканы, философия докторы (PhD), доцент Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына тоқталып өтті. Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Шайекенов Жангелді Жұмақайұлы «Мұхтар жолы, Абай жолы» тақырыбындағы баяндама оқыды.
Доцент филология ғылымдарының кандидаты Мүтиев Зейнолла Жақсылықұлы Мұхтар Әуезов туралы өзінің көз қарасын айтты. Филология факультетінің студенттері Құмаров Дәуреннің «Әуезов қырғыз әдебиетінде» баяндамасы тыңдалды. Оразова Аида «Әуезов әдебиет тарихын зерттеуші ретінде» тақырыбындағы баяндама оқыды. Тастенов Айтуған, Сансызбай Махамбет, Зайдекенова Арай драма жанрындағы тұңғыш талант иесі, Әуезов шығармалары туралы өз ойларымен бөлісті.

М. Әуезов – жомарт табиғаттың жарық дүниеге тым сараң сыйлайтын біртуары. XIX ғасырдың асқар белі Абай болса, ХХ ғасырдың заңғар биігі – Мұхтар Әуезов. «Мұхтар Әуезов қазақ әдебиетінің тарланы» атты кітап көрмесі қойылды.
просмотров: 70
Пікір үстеу