«Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы»
«Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы»

Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні қарсаңында Ж.Молдағалиев атындағы ОӘҒК конференция залында «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» атты ақпараттық сағат өтті. Шара қонағы – тұрақты оқырман, дәрігер-эпидемиолог Гиляжева Латифа Каримовна.
Латифа Каримовна эпидемиология дегеніміз не, эпидемиологиялық аурулар қандай жағдайда пайда болады, жедел эпидемиологиялық жағдай кезінде қандай шаралар қабылданатынын айтты. Бүгінгі таңдағы өзекті мәселе – коронавирустық пандемия қозғалды, вакцинация, емдеу алгоритмі және халықты қайта вакцинациялау мәселелері талқыланды. Эпидемиолог өз жұмысында тап болатын қызықты жағдайлармен бөлісті. Денсаулыққа байланысты видеороликтер көрермен назарына ұсынылды, «Денсаулық – салауатты өмір салтының кепілі» атты кітап көрмесі қойылды.
Шараға Батыс Қазақстан иновациялық-технологиялық университетінің 1-курс студенттері қатысты.
Пікір үстеу