«Көрісу күні – қуанышпен бөлісу күні» атты мерекелік сазды кеш оздырылды.
«Көрісу күні – қуанышпен бөлісу күні» атты мерекелік сазды кеш оздырылды.
Наурызнама онкүндігі аясында 14 наурыз – Көрісу күніне арналған «Көрісу күні – қуанышпен бөлісу күні» атты мерекелік сазды кеш оздырылды. Мерекелік кешті Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапхана мен «Мәдени – ағарту бірлестігіне» қарасты «Ардагер» клубы бірлесе ұйымдастырды. Көрісу күні – қазақ халқының ежелден келе жатқан достық пен бірлікті, ағайын арасындағы сыйластықты дәріптейтін ерекше мереке. Осыған орай ұйымдастырылған кеш жастардың үлкендерге көрісіп, ақ батасын алуымен басталды. Ақ жаулықты әжелеріміз бен аталарымыз көрісу күні және қазақтың салт – дәстүрлері туралы жастарға тәлімді әңгімелер айтып, «Асыл әжелер» вокалдық ансамблі «Ағайын тірлігінде», «Қазақ елі», «Қымыз құйғыш» әндерін шырқады. Шара барысында қонақтар ұлттық тағамдар – көже мен бауырсақтан дәм татты. Сонымен қатар оқырмандар назарына «Наурыз көктем, жыр-думан» атты кітап көрмесі ұсынылды.











Пікір үстеу